Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына тегін ыстық тамақ берілмеген.
Алматы облысында мыңнан астам балаға ыстық тамақ берілмеген
www.istockphoto.com
168
оқылды

Алматы облысының прокуратурасы білім беру саласында балалардың құқықтарының бұзылуын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс. Алайда жүргізілген тексеру нәтижесінде облыстың 70-тен астам мектебінде (Еңбекшіқазақ ауданы – 45, Талғар – 7, Жамбыл – 5, Ұйғыр – 14, Қарасай – 4, Қонаев қаласы – 9) аталған талаптардың сақталмаған. Салдарынан 1 101 бала мемлекеттік қолдаудың бұл түрін көрмеген. 

– Прокурорлық қадағалау актілері бойынша балалардың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық оқушылар тиісті тамақпен қамтамасыз етілді, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Жалпы, биыл облыс прокуратурасы 30 мыңға жуық баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғады, – делінген хабарламада.