Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Елордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өткелі жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz. Akorda-ға сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.
 
Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.