"Тұрғындардың өтінішімен": Алматыда Роза Бағланова тұрған үйге мурал салынды

Жобаны дайындау және жүзеге асыру жұмысына Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова да қатысқан.

Алматыда КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мурал салынды. Әншінің бейнесі Медеу ауданындағы Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетіне бейнеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды. Жобаның ерекшелігі Роза Бағланова  кезінде дәл осы үйде тұрған екен.

– Осылайша, Халық әртісінің жарқын бейнесі енді халық жадында әрі ұлттық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталмақ, – деп жазған Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.