+30 градус: 29 мамырға арналған ауа райы болжамы

Күндіз 30 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы 17 градусқа дейін төмендейді.

Бүгін, 29 мамырда Қазақстан мегаполистерінің бірінде 30 градусқа дейін ыстық болады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Метеорологтердің мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.

Астанада да күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,4 м/с.

Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз 30 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,6 м/с.

Ал еліміздің  бірқатар өңірлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және шаңды дауыл күтіледі. Кей жерлерде жел екпіні 28 м/с дейін жетеді.