Жедел жәрдем балаға алғашқы көмек көрсетті.
"Дұрыс орнатпаған": Ақтөбеде баланың үстіне футбол қақпасы құлады
www.istockphoto.com
246
оқылды

Ақтөбе қаласындағы аулада баланың үстіне футбол қақпасы құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Оқыс оқиға туралы мәлімет Instagram-дағы жергілікті aktobe_zello парақшасында жарияланды. 

Хабарламада оқиға орнында түсірілген кадрлар қоса берілген. Кадрлардан дәрігерлердің балаға көмек көрсетіп жатқанын байқауға болады.

Олардың мәліметінше, оқиға 12-ықшамауданындағы  45-үйдің ауласында болған. Бір топ бала аулада футбол ойнап жүрген.

Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін де қақпаның дұрыс бекітілмегені жайлы әкімдік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне айтылған екен.

Оқиғаға қатысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

– Бұл факт ҚР ҚК-нің 306-бабы бойынша тіркелді. Футбол алаңын салу және күтіп ұстау жұмыстарына қатысты мән-жай Ақтөбе әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді ведомство.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Актобе / Aktobe (@aktobe_zello)