Бұл туралы ол журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында айтты.
Дариға Бадықова ұстазы Болат Атабаев атындағы театр ашқысы келеді
256
оқылды

Актриса Дариға Бадықова журналист Қанат Тілеуханқа берген сұхбатында «Ақсарай» театрын қайта құру жоспары бар екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесінің сөзінше, ол жас актерлерден құралған жаңа шығармашылық орта қалыптастырғысы келеді. Сонымен қатар актриса болашақта Болат Атабаев атындағы театр ашуды армандайтынын жеткізді.

«Өз үйіңе келгендей әсер сыйлайтын театр болса екен», – деді актриса.

Айта кетейік, Болат Атабаев қазақ театр өнеріндегі ерекше қолтаңбасымен танылған режиссер. Ол әр жылдары Неміс драма театрында, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қызмет етіп, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі болған.