Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен қамтуды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.
Қазақстанда 1,8 миллион бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады
Фото: iStock
187
оқылды

Қазақстанда 305 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтитын 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазір Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады. Бұл – жалпы санының 34,6%-ы. Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 45%-ға жеткізу міндеті қойылған.
Елімізде 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Оларда 305 мыңнан астам бала қамтылған.
526 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала спортпен шұғылданады. 16 облыстық мектеп-интернатта 6 441 тәрбиеленуші білім алуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.