Абай облысының мектептерінде 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады, оның ішінде 6065 түлек 11-сыныпты тәмамдап отыр. 438 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №50 ІТ мектеп-лицейінде өткен салтанатты шараға қатысып, өңірдегі мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды мерейлі мезетпен құттықтады.
6 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді
262
оқылды

«Облысымызда ашылған IT мектеп-лицейіне ерекше жауапкершілік жүк­те­леді. Себебі бұл білім ордасы – цифрлық технологиялар мен ин­нова­циялық ойлаудың орталығы, болашақ инженерлер мен білікті ІТ мамандарын тәрбиелейтін маңызды алаң.

Бүгінгі жас түлек – ертеңгі елдің интеллектуалды капиталы. Сондықтан заман талабына сай білім алып, жаңа технологияларды игерген ұрпақ қана әділетті Қазақстанның жарқын бола­шағын қалыптастырады. Сіздерге үлкен өмір жолында батыл қадам, биік мақсат, сарқылмас жігер тілеймін. Әрқайсыңыздың туған елдің дамуына үлес қосатын білімді де білікті, отаншыл азамат болып қалып­тасу­ларыңызға тілектеспін!» – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы соңғы қоңырау шарасынан кейін мектеп оқушылары­ның шығармашылық жетістіктері қойылған көрмені тамашалап, әртүрлі үйірмелердің жұмысымен танысты.

Биыл аталған білім ордасын 60 түлек аяқтап отыр. Олардың қата­рында 3 «Алтын белгіге» және 5 үз­дік аттес­татқа үміткер бар. №50 ІТ мектеп-ли­цейі оқу жылын жоғары нә­тижемен қорытындылады. Білім ордасының 332 оқушысы халықара­лық, республи­калық, облыстық олимпиада, жарыс және сайыстардың жеңімпазы атанды. 

Облыста білім саласының инфрақұ­ры­лымын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өңірде Президент тапсырмасына сәйкес, 5 «Келешек мектебі» мен Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Семей қаласындағы екі мектепке қосымша ғимараттар са­л­ынуда. «Абайға құрмет» акциясы ая­сында Астана қаласы «Келешек мек­тебін» салуды жоспарлап отыр.