Бұл бағдарламада ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.
Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста жүлдеге ие болды
Фото: ҚР ҰОК
304
оқылды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілдері Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп жазды Aikyn.kz.  

ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз топтық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Бұл бағдарламада ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Қазақстандық гимнастар жарыс қорытындысы бойынша 52,85 ұпай жинады. Алтын медальді Өзбекстан құрамасы жеңіп алды - 53,95 ұпай. Қытай құрамасы 53,8 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс жүлде иеленсе, ұлттық құрама командалық көпсайыста да екінші орын алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.