Қостанай облыстық ТЖД бұл ақпаратты растады.
"Достарымен бәстескен": Қостанайда 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті
391
оқылды

Қостанай облысында достарымен бәстескен 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz

Қайғылы оқиға Лисаков қаласындағы Қара жартас аумағында болған. Бұл жер жасөспірімдер жартастан суға жиі секіретін орын ретінде танымал.

Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысы дұрыс жүзе алмаған. Ол достарымен бәстесіп, суға секірген.

«Лисаков қаласындағы Тобыл өзенінен 2011 жылы туған жасөспірімнің сүйегі табылып, судан шығарылды», - деді ТЖД өкілдері.

Жасөспірім шомылуға болмайтын жерде батып кеткен.