Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады
144
оқылды

Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения президенті Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:
 
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

5. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасындағы жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін дамыту және ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Кения президентінің мемлекеттік сапары барысында келесі құжаттарға да қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Кения Республикасының Сыртқы қызмет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

2. «Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Kenya Investment Authority арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

4. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Кения Республикасы Экспортты ілгерілету және брендинг агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.