Сауат Нұрғалиев 15 жасында алтыннан алқа тағып, сенсация жасады. Ол 13 турда 9 ұпай жинады. Бүгінгі шешуші ойындағы тең ұпай оның көш басында қала беруіне кедергі болған жоқ.
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
Фото: gov.kz
160
оқылды

Астана қаласында (Coventry University Kazakhstan) классикалық шахматтан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңа чемпион шықты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ерлер (Open) жүлдегерлер:
1. IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) – 9 ұпай

2. IM Жандос Ағманов (2473, Астана) – 8,5 ұпай

3. GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) – 8 ұпай.

Әйелдер арасында да тартыс соңғы сәтке дейін сақталды. Нәтижесінде, алғашқы төрттіктегі шахматшыда бірдей ұпай. Орындар тек қосымша көрсеткіш бойынша анықталды.

Жүлдегерлер:
1. Лия Құрманғалиева – 9 балл

2. Зарина Нұрғалиева – 9 балл

3. Елназ Қалиахмет – 9 балл.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.