Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады.
Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртенді
121
оқылды

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданына қарасты Пресногорьковка ауылында түнгі уақытта жеке тұрғын үйден өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жедел жетіп, тілсіз жауды сөндіруге кіріскен.

Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.