Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Шығыс Қазақстандағы шахтада істейтін қызметкер мерт болды
266
оқылды

Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болып, жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары барысында болған.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Востокцветмет» ЖШС өкілдері қаза болған қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.