Жамбыл облысының Мер­кі ауданына қарасты Қы­зылсай ауы­лында ел ішінде «Қара кемпір» атанған Қали ана­ның жұрты жаң­ғыртылып, «Қали апа музей-үйі» ретінде салтанатты түрде ел игілігіне берілді.
Меркідегі «Қара кемпір» үйі
167
оқылды

Тағылымы мол шара Қали ана­­ның өмірі­нен сыр шертетін сах­­налық көрініспен бас­талып, көп­шілікке ерекше әсер сыйлады.

Салтанатты жиын­ға аудан әкі­мі Ербол Жиенқұлов, Меркі өңі­рі­нің тумасы, Қа­зақ­стан­ның Халық әртісі Ал­тынбек Қоразбаев, ак­тер әрі режиссер, Қазақ­стан­ның Халық әртісі Тұң­ғыш­бай Жаманқұлов, облыс­тық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және сот саласының ардагері Мұсабек Әлімбеков қатысты.

Сонымен қатар ҚР Еңбек сіңір­­ген қай­рат­кері, зергер-реставратор Берік Әлібаев, Қырғыз Республикасынан арнайы келген делегация және ауыл тұрғындары да шара­ның куәсі болды.

Жиында Ерлан Жүнісбай мен Ербол Жиен­құлов Қара кемпір ескерткішінің ор­на­тылуына бастамашы болған Ал­тын­бек Қоразбаев пен музейді қал­пына келтіріп, жаң­ғыртуға үлес қосқан Берік Әлібаев ең­бегін ерекше атап өтті.

Аудан басшысы аталған аза­мат­тарға «Мер­кі ауданына сіңір­ген еңбегі үшін» бел­гісін табыстап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ Қырғыз елінен келген делегацияны бастап кел­ген Бақтияр Ашакеев, Алтынбек Қораз­баев, Тұңғыш­бай Жаманқұлов және Мұса­бек Әлімбеков сөз сөйлеп, шараның ру­хани маңызына тоқталды.⠀

Ауыл тұрғындары да игі іске ұйыт­қы бол­ған азаматтарға алғыс біл­дірді. Шара соңында қаты­су­шы­лар музей ауласындағы Екін­ші дүниежүзілік соғыс ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңартыл­ған музей экс­позициясымен танысты.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ