Астанада күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады.
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 8 мамырға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
247
оқылды

Қазгидромет 8 мамырда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысында түнде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай мен бұршақ түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар аптап ыстық 36 градусқа дейін көтеріледі. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында күндіз жаңбыр мен найзағай ойнайды.

Атырау облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырауда кей уақыттарда жаңбыр мен найзағай болады.

Қарағанды облысында түнде және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойайды және бұршақ түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай мен бұршақ болжанып отыр.

Қызылорда облысында түнде жаңбыр, найзағай және дауыл болады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр мен найзағай болады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман болжанған.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жел күшейеді.

Абай облысының батысы мен орталығында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде де жел күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және тұман болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбеде күндіз жаңбыр мен найзағай болады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр мен найзағай болады.

Жетісу облысында аптап ыстық 35–36 градусқа дейін жетеді. 10 мамырға дейін жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Тұман түсуі мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанайда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Кей жерлерде тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз қатты жаңбыр, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және дауыл болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оралда да жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және дауыл болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.