4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды.
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Украина командасын жеңді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
214
оқылды

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды, – деп жазды Aikyn.kz. 

4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов мергендік танытып, жеңіске үлестерін қосты. 

Қазақстанның әлем чемпионатындағы көрсеткіші: Қазақстан - Литва - 4:1 

Қазақстан - Жапония - 6:0 

Қазақстан - Польша - 3:2 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда өнер көрсеткен еді. Енді жерлестеріміз ертең шешуші турда топтағы басты фавориттің бірі саналатын Франциямен шеберлік байқасады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.