Қазір зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында.
"Кәріз құдығын қазып жүріп": Алматы облысында шұңқырға құлаған екі адам құтқарылды
320
оқылды

Алматы облысының 112 пультіне екі адамның шұңқырға құлауына байланысты көмек сұрап, хабарламалар келіп түскен. Алайда екі жағдай екі бөлек елдімекенде орын алған, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші оқиға Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылында  болған. Кәріз құдығын қазып жүргенде ер адам шұңқырға құлап кеткен.

"Оқиға орнына келген құтқарушылар авариялық - құтқару жұмыстарын жедел жүргізіп, арқан мен зембілдің көмегімен зардап шегушіні шығарды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Екінші оқиға Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында орын алды. 1988 жылы туған ер адам су айдайтын шұңқырға құлап, аяғы бетон бағанның астында қысылып қалған. Құтқарушы шұңқырға түсіп, зардап шегушіні босатып оны қауіпсіз жерге шығарды.

Қазір зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында, олардың өміріне ештеңе қауіп төндіріп тұрған жоқ.