Наградасы жоқ тыл еңбеккерлері де көмектен құр қалмайды.
ШҚО-да соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің жұбайларына материалдық көмек көрсетілмек
www.istockphoto.com
255
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді, — деп хабарлайды Aikyn.kz 

Қазіргі таңда өңірде алты ардагер тұрады. Оның бесеуі Өскемен қаласында, біреуі Глубокое ауданында. Олар мерекеге орай 5 млн теңгеден алды. Жалпы Жеңіс күні қарсаңында әлеуметтік қолдау шараларымен облыстың 3 мыңнан астам тұрғыны қамтылған.

— Соғыс ардагерлерінен бөлек, басқа да санаттағы азаматтарға көмек көрсетілді. Атап айтқанда, мемлекеттік наградалармен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, бұрынғы концлагерь тұтқындарына, Ленинградта қоршауда болған тұрғындарға, қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлері мен жұбайларына 130 мың теңгеден берілді. Наградасы жоқ тыл еңбеккерлері 80 мың теңгеден алды, — деп хабарлады ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Сонымен қатар ардагерлер үшін санаторий-курорттық емдеу қарастырылған. Бұл мақсаттағы шығындарға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.