Отан қорғаушы күні қарсаңында елімізде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедра курсанттары әскери ант берді.
13 мың курсант ант берді
286
оқылды

Салтанатты іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, кафедра оқытушылары, Қарулы Күштердің ардагерлері және ата-аналар қатысты.

– Биыл 2-6 мамырда еліміздің 80-нен аса жоғары оқу орнында шамамен 13 мың студент әскери ант берді. Бұл – елге қызмет ету жолындағы жауапты қадамды білдіретін ауқымды әрі маңызды оқиға. Біз үшін білім беру ғана емес, төзімді, рухты, жауапкершілігі жоғары, Отанды қорғауға шынайы дайын жас буынды тәрбиелеу де маңызды, – дейді  Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев.

Елордада Қ.Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университетінің 448 студенті бір мезетте әскери ант беріп, запастағы әскери қызметшілердің қатарын толықтырды. 

Айсұлу СЪЕЗХАН