Актриса, әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында белгісіз дертке шалдыққанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, шетелде оқуын аяқтап, елге оралған соң денсаулығы сыр берген. Алайда нақты диагноз қойылмаған.
"Қыркүйек айында келіп, жұмысқа кірісудің орнына екі бүктеліп жатып қалдым. Ауруымның диагнозы жоқ. Жүрегім қысылып, аузыма тығылады. Қысылғаннан жылаймын. Тек жата беремін. Түнде жүрегім аузымнан шығардай тарсылдайды. Ұйқы жоқ. Таңертең бар күшімді жинап, жұмысқа барайын десем, тағы жатып қаламын. Ешнәрсе істегім келмейді. Одан кейін компаниямның басшысы Ұлдарға онкологияға күдік бар дейді. Екеуміз екі жаққа жатып қаламыз, жұмыс жайына қалды", - дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
