Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана сақталады.
Жаңбыр, найзағай: 7 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
400
оқылды

Қазгидромет 7 мамыр, бейсенбі күнгі қауіпті метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана сақталады.

Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің батысында және солтүстік-батысында нөсер жаңбыр, бұршақ, екпінді жел болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Ұлытау және Абай облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.