Халық әртісі, актриса Меруерт Өтекешова мен продюсер Баян алагөзова кездесті, – деп жазды Aikyn.kz.
Баян Алагөзова Қыз Жібектің рөлін сомдаған актрисаға құрмет көрсетіп, өнерге сіңірген еңбегі ерен екенін айтты. Сонымен қатар Халық әртісіне сый жасады.
"Бүгін аңыз адаммен кездестім. Ол керемет", - деп жазды продюсер әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар Баян Алагөзова Халық әртісінің сұхбатын көргенін, қазіргі жағдайынан хабардар екенін айтты. Баян Мақсатқызы актрисаға деген ерекше құрметі ретінде қалаған жерден үй алып беретінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 миллион көлемінде сыйақы тағайындағанын айтқан болатын.
Сондай-ақ актриса “Қыз Жібек” фильмінде киген камзолды Меруерт Өтекешованың өзіне беретінін мәлім етті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
