Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың әлем кубогы кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
