Мысалы, Меркі ауданында 64 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту кезінде гашиш салынған пакет табылды.
Жамбыл облысында 3 келіге жуық есірткі тәркіленді
161
оқылды

Полицейлер жүргізген жедел іс-шаралар барысында есірткіні заңсыз сақтау және тасымалдау деректерінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мысалы, Меркі ауданында 64 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту кезінде гашиш салынған пакет табылды.

Сонымен қатар Қордай – Алматы автожолының 238-шақырымында полицейлер ақ түсті Toyota автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 48 жастағы жолаушы әйелдің сөмкесінен гашиш салынған төрт орам анықталды.

Тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 3 келіге жуық болған. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.