Жүзімдер – 5,6%, сарымай мен карамель – 1,2%, картоп – 0,8%, сүзбе – 0,6%, орамалар, кекстер – 0,4%, лимон мен жасымық 0,3% қымбаттады.
Қазақстанда инфляция көрсеткіші баяулап келеді
175
оқылды

2026 жылғы сәуір айында айлық инфляция 0,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 0,7%, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтер бағасы  0,9% өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Азық-түлік тауарлары арасында банандар мен апельсиндер бағасы – 3%, көк шөп пен үрме бұршақ – 0,6%, зефир – 0,5%, кептірілген өрік 0,4% төмендеді.

Жүзімдер  5,6%, сарымай мен карамель – 1,2%, картоп – 0,8%, сүзбе – 0,6%, орамалар, кекстер – 0,4%, лимон мен жасымық 0,3% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан кір жуғыш машиналар  1,2%, парацетамол – 0,8%, контактілі линзаларға арналған ерітінді – 0,7%, блендер – 0,6%, теледидарлар 0,4% арзандады. Бағаның өсуі қол сағаттарына – 4%, цементке – 2,4%, жеке гигиена тауарларына – 1,5%, жуғыш және тазартқыш құралдарға  0,7% байқалды.

Ақылы қызметтер саласында туристерге арналған медициналық сақтандыру  1,9% арзандады. Клининг қызметтері  0,8%, косметолог қызметтері – 0,7%, компьютерлер мен ноутбуктарды жөндеу 0,3% қымбаттады.

Жылдық есепте 2026 жылғы сәуірде инфляция 10,6% құрап, наурыз айымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы  11,7%, азық-түлік тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер  8,9% өсті.

Жылдық мәнде қырыққабат бағасы – 24,4%, сарымсақ – 7,8%, қызылша – 4,7%, банандар 1,7% арзандады. Алмұрт 10,8%, бал – 9,1%, мармелад – 7,6%, ашытқы – 7%, құмшекер 4,2% қымбаттады.

Бір жыл ішінде үтіктің бағасы 20,7%, тіс пастасы – 14,6%, зарядтау құрылғылары – 6,8%, дастарқан – 6,4%, асүй пышағы 2,5% өсті. Заңгерлік қызметтер 10%, байланыс қызметтері 3,2% қымбаттады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.