Тексеру барысында тәртіп сақшылары ер адамның есірткіге мас болуы мүмкін екенін байқаған.
Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
107
оқылды

 Красный Яр ауылында полицейлер күдік тудырған мотоцикл жүргізушісін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары ер адамның есірткіге мас болуы мүмкін екенін байқаған. Мән-жайды анықтау кезінде ол тыйым салынған заттың бір дозасын өз еркімен тапсырған.

Кейін оның тұрғылықты жерін тексеру барысында 8 қап пен 6 қапшық табылып, олардың ішінде марихуана болуы мүмкін екені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 келіден асады.

Қазіргі уақытта алынған заттар сот сараптамасына жіберілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.