Биыл наурыз айында ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау және таратуға қатысы бар адамдар тобының әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер заңсыз алынған ақпаратты интернет арқылы сатып келген. Оны сатып алушылар қатарында кейбір микроқаржы және коллекторлық ұйым өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.
Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық тасымалдағыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
