Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау толық цифрлық форматқа өтеді. Іріктеу енді «E-қызмет» жүйесі арқылы жүргізіліп, қағазбастылық жойылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жалақы кемінде үш жылда бір рет индексацияланады, бұл табыстың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік пакет кеңейтіліп, тұрғын үйге жеңілдік, қосымша демалыс және 25 жылдан аса еңбек өтілі барларға зейнетақы өтемақысы енгізіледі.
Тәлімгерлік күшейіп, тәжірибелі мамандар жас кадрларға қолдау көрсетеді. Тәртіптік жүйе де жұмсартылады – әр жағдай жеке қаралады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді қорғау шаралары күшейтіліп, еңбек жағдайлары нақты регламенттеледі.
Қазір елде шамамен 83 мың мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.
