Бірақ түпкілікті шешім келесі жылға дейін қабылданбайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы үкіметтегі брифингте Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахмет мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы 15 жылдан бері стипендия мөлшері өзгермеген, ал бұл аралықта әлемде инфляция айтарлықтай өскен. Соның салдарынан кейбір жағдайларда, әсіресе отбасымен бірге шетелде оқитын студенттерге қаражат жеткіліксіз болуы мүмкін.
Мәселені шешу үшін бағдарлама ішіндегі қаржыны қайта бөлу тетігі қарастырылып жатыр.
Қазіргі таңда стипендия көлемі ел мен қалаға байланысты әртүрлі. Мәселен, Нью-Йоркте ол 2200 долларды құраса, басқа штаттарда төменірек деңгейде.
Сондай-ақ стипендия алушылар санын қысқартып, оның орнына төлем көлемін ұлғайту мүмкіндігі де талқылануда. Егер өзгеріс енгізілсе, стипендия көлемі ел мен қалаға байланысты шамамен 10-15 пайызға артуы ықтимал.
