Ал Әмина Қайырбекова 2 374,0 ұпаймен әлемдік рейтингте 9-орынға жайғасқан. Ол соңғы кезеңде 12 ұпай қосып, бір сатыға жоғарылаған.
Қазақстандық жас шахматшылар әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді
193
оқылды

FIDE жасөспірімдер арасындағы әйелдер рейтингінде қазақстандық шахматшылар Алуа Нұрман мен Әмина Қайырбекова алғашқы ондыққа енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

19 жастағы Алуа Нұрман 2 443,0 ұпай жинап, әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді. Ол соңғы 12 айда үлкен серпіліс жасап, 14 сатыға жоғарылаған. Нұрманның рейтингі +105,0 ұпайға өскен. Қазіргі таңда ол рейтинг көшбасшысы ресейлік Анна Шухманның басты бәсекелесі саналады және қытайлық Лу Мяойиді артта қалдырды.

Ал Әмина Қайырбекова 2 374,0 ұпаймен әлемдік рейтингте 9-орынға жайғасқан. Ол соңғы кезеңде 12 ұпай қосып, бір сатыға жоғарылаған.

Жасөспірімдер арасындағы әлемнің үздік 5 шахматшы қыздары:

Анна Шухман (Ресей) — 2 456,4

Алуа Нұрман (Қазақстан) — 2 443,0

Лу Мяойи (Қытай) — 2 438,0

Афруза Хамдамова (Өзбекстан) — 2 423,0

Элис Ли (АҚШ) — 2 415,0