Кеш барысында мерейтой иесіне ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.
Айтжан Тоқтағанның 80 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
Фото: gov.kz
154
оқылды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі күйші, фольклортанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтағанның 80 жылдық мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – күй-шежіре» атты концерт өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Құттықтауда өнер иесінің күй өнерін дамытуға, ұлттық фольклорлық мұраны сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге қосқан сүбелі үлесі айрықша атап өтілді.

Концерт қазақ күй өнерін кеңінен насихаттап, күйшілік дәстүрдің сабақтастығын айшықтаған мазмұнды рухани кешке айналды. Концерт бағдарламасында Тәттімбет, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов, Төлеген Момбеков, Нұрғиса Тілендиев секілді атақты күйшілердің бірегей шығармалары орындалды.

Кешке Айтжан Тоқтағанның әр өңірден келген шәкірттері, дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген өнерпаздар және  Gulder  ансамблінің әртістері қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.