Нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл тұрады
Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
фото: www.istockphoto.com
826
оқылды

Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің кейбір аймағында жауын жауып, дауыл тұратынын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазгидрометтің мәліметінше,  дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады.

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін",- делінген ақпаратта.

Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.