Қазір құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындады.
Қостанайда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
фото: www.istockphoto.com
180
оқылды

Қостанай облысында үш тәулік бойы із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмысы аяқталды. 24 сәуір күні кешке жас жігіттің мәйіті Мормыш көлі аумағынан табылды. 

Марқұмның денесі тіршілік белгілерінсіз табылғаны туралы "ДОС" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері мәлімдеді. Олар полиция қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірге туыстары өтініш берген сәттен бастап айналаны толық тексерген.

Жергілікті Mendiqara yni басылымының жазуынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындады.

"Іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жүргізілді. 24 сәуірде шамамен сағат 19:30-да мәйіт тіршілік белгілерінсіз табылды", – делінген хабарламада.