Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақмола облысында 18 жастағы жігіт бұрынғы сыныптасын пышақпен жарақаттаған
фото: www.istockphoto.com
163
оқылды

Ақмола облысының тұрғыны бұрынғы сыныптасына пышақ салған,  - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 24 сәуірде болған. Макинск қаласының медициналық мекемесіне 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жеткізілген.

— Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмысты жасағаны үшін жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ведомстводан.

Полиция қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері кешені жүргізіліп жатыр. Т

ергеу жұмыстары Ақмола облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.