Шамамен 4 миллионға жуық тал егілді.
Былтыр республика бойынша 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылды – Тоқаев
фото: Akorda
113
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта елімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын жеткізіп, патриот жастар әрдайым өзгерістердің көш басында жүретінін айтты,  - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.

Былтыр республика бойынша 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылды, шамамен 4 миллионға жуық тал егілді. 

– Игі бастамаға 800 мыңға жуық волонтер қатысты. Қазір әлемде қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруіне байланысты көптеген сын-қатер пайда болды. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Халықаралық қауымдастық табиғатты қорғау мәселесіне баса мән беріп отыр. Қазақстан да осы бағытта нақты бастамалар көтеріп келеді. Кеше Астанада Біріккен Ұлттар ұйымының аясында ұйымдастырылған Өңірлік экологиялық саммит аяқталды. Осы ауқымды форум шеңберінде эковолонтерлікке, ресурстарды үнемдеу мәселелеріне арналған маңызды іс-шаралар өтті. Бұған дейін де айтқанымдай, әлемде ешқандай ел экология мәселесін жалғыз өзі шеше алмайды. Бұл аса күрделі, жауапты жұмыс, сондықтан осы бағытта дипломатиялық күш-жігерді, ғылымды, бизнесті, қоғамды, волонтерлерді, бір сөзбен айтқанда, мақсаткер жастарды жұмылдыру қажет. Өйткені патриот жастар әрдайым өзгерістердің көш басында жүреді. Сіздердің тарихи миссияларыңыз – елімізді жоғары технологиялар мен өнер, ғылым және гуманистік құндылықтар салаларында мейлінше дамыған мемлекеттер қатарына қосу, – деді Мемлекет басшысы.