Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына қатысты байқау жариялағанын мәлімдеді, – деп жазды Aikyn.kz.
Талап бойынша, қатысушылар зорлық-зомбылық туралы әнге билеуі керек. Продюсер үздік атанған қатысуларшылар концертте өнер көрсететінін айтты.
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты байқауымды өздеріңіздің ерекше билеріңізбен қолдаңыздар. Осы әнге би түсіріп, менің парақшамды белгілеңіздер. Жеңімпазға 1 000 000 теңге сыйлық беріледі. Егер өте керемет жұмыс болса, KeshYou тобымен 20 жылдық концертте бірге өнер көрсету мүмкіндігі бар», – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
