Жылдың бірінші тоқсанында бірқатар жұмыс атқарылған. Білім беру ұйымдарында экологиялық тақырыпта эссе байқаулары өтіп, мектептерде сынып сағаттары ұйымдастырылған. 5-6-сынып оқушылары арасында ProEko жобалар байқауы өтіп, 38 жобаның ішінен 17-сі жүлделі орынға ие болған. Сонымен қатар облыс бойынша 28 экологиялық мәдени іс-шара өткізілген.
«Облыс әкімінің өкімімен 3 сәуір мен 31 мамыр аралығында санитарлық-экологиялық екі айлық жарияланды. Осы кезеңде сенбіліктер ұйымдастырылып, арнайы техника тартылды. Нәтижесінде, 12 218 аула, 97 саябақ, 57 ескерткіш аумағы тазартылып, 2 897 тонна қалдық шығарылды», – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар су айдындары мен арықтар тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 67 мың ағаш отырғызу жоспарланған болса, қазір 431 көшет егілген.
Экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында да жұмыс күшейтіліп, ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 4 171 әкімшілік хаттама толтырылып, 9,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Алдағы уақытта сенбіліктерді тұрақты өткізу, аумақтарды таза ұстау және санитарлық талаптарды сақтау бойынша жұмыс жалғаспақ.