Президент бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін мына азаматтар марапатталды:
II дәрежелі «Барыс» орденімен
Баймаханов Болатбек Бимендеұлы – «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласы;
«Парасат» орденімен
Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы – Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық офтальмологиялық аурухана» МКК директоры;
Боромбаев Ульфат Төлеуғалиұлы – Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Павлодар облыстық онкология диспансері» КМК бөлімше меңгерушісі;
Нысанов Әбілмәжит – Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ Тасбөгет диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі, Қызылорда облысы;
Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлім бастығы, Астана қаласы;
«Құрмет» орденімен
Әбдел Зият Жұмаділұлы – «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
Бидайбаев Арғын Ноянұлы – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасы» КМК директоры;
Бимағанбетова Нұржамал Баяхметқызы – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Жангелдин аудандық ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі;
Богославский Павел Владиславович – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК директорының орынбасары;
Иманғазинов Сағит Баймұқанұлы – «Семей медицина университеті» КеАҚ Павлодар филиалының профессоры, Семей қаласы;
Исабекова Лаура Қайратқызы – «Қостанай қаласының № 5 емханасы» ЖШС медицина директоры;
Колеснев Александр Валериевич – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;
Күлімбетов Амангелді Сейітмағамбетұлы – «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы;
Қуатбаев Ермағамбет Мұқанұлы – Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық кардиология орталығы» КМК директоры;
Мұстафинова Гүлнәр Төлеуханқызы – «University Medical Center» КҚ департамент директоры, Астана қаласы;
Нұрланова Рысты Берекелқызы – «Республикалық жоғары медицина колледжі» ЖШС консультанты, Алматы қаласы;
Савхатова Ақмарал Досполқызы – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ дәрігері, Алматы қаласы;
Смағұлова Ғазиза Ажмағиқызы – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ кафедра басшысы, Ақтөбе қаласы;
Сыбанбаев Дархан Әріпұлы – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» КМК директоры;
Тұрысбекова Сәуле Тілеубергенқызы – «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі, Алматы қаласы;
Уәлиева Райгүл – Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының зертхана меңгерушісі, Өскемен қаласы;
Хаиров Константин Эдуардович – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ хирургиялық блок басшысы, Алматы қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Балжанов Жеңіс Мырзасейітұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық аурухана» МКК бөлімше меңгерушісі;
Бекарысов Олжас Сапарғалиұлы – «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» РМК директоры, Астана қаласы;
Бердешева Мира Қабдылкәрімқызы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «№ 5 қалалық емхана» МКК бас мейіргері, Орал қаласы;
Жұмахаева Әлия Серікқызы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК директорының орынбасары;
Кәрібай Серік Дүзелбайұлы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;
Мустафин Рамиль Табрисович – «Астана Эколайф» ЖШС медициналық директоры;
Огай Вячеслав Борисович – «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС профессоры, Астана қаласы;
Тё Дмитрий Валерьевич – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі, Петропавл қаласы;
«Шапағат» медалімен
Амангелдіқызы Сая – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ басқарушы директоры, Астана қаласы;
Дигай Александр Константинович – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС аға ординаторы, Астана қаласы;
Дүйсекенова Гүлжазира Қинайатқызы – Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталық» КМК қызмет басшысы, Семей қаласы;
Ким Алексей Юрьевич – Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық балалар ауруханасы» КМК дәрігері;
Мұхамедиев Ермек Дәкенұлы – Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Облыстық қан орталығы» МКК директоры, Көкшетау қаласы;
Оразалинов Азамат Жанәбілұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі;
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді:
Бенберин Валерий Васильевич – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бөлім бастығының орынбасары;
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді:
Байғошқарова Рахат Өсербайқызы – денсаулық сақтау саласының ардагері, Астана қаласы;
Епенова Жапырақ Кеңесханқызы – Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталық» МКК директоры, Ақтау қаласы;
Карабаева Раушан Жумартовна – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директоры;
Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының кеңесшісі.