Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеудің жолын кесті. Тексеру нәтижелері бойынша Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесі сыйақыға 990 адамды тіркеген. Ол сол жерде тұруынсыз, заңсыз көші-қон әрекетін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.