Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында күйзеліс тақырыбында сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл қазір қоғамды жиі кездесетін жағдай екенін атап өтті. Сонымен қатар видео жариялап, адамның күйзеліске түсіп, шаршауына не себеп болатынын айтты.
«Жұмыс жоқ емес. Бірақ адам шаршайды. Қазір «выгорание» деп айтатындар көп, жасы да, үлкені де. Бір орында тұрақтай алмау, мотивацияның жоғалуы, бәрінен жалығу… Себебін сұрасаң - «выгорание». Бұл - мидың, психиканың шаршауы. Ментальды денсаулықтың дабылы. Неге бұлай болады? Көп ақша табам деп, өзіңді бірнеше жұмысқа жегу. Соңында еш жерде толық «свой» емессің, тұрақтылық жоқ, энергия да жоқ. Өзіңді басқалармен салыстыру. Сол арқылы өзіңді жоғалту. Сенімнің азаюы, ішкі дауыстың бәсеңдеуі. Барлық жауап бір күнде келмейді. Бірақ өзіңді тыңдаудан басталады. Видеода мамандар нақты кеңестермен бөлістім. Сізде де осындай күй болды ма?» - дейді тележүргізуші.
Желі қолданушылары тележүргізушінің сөзі өздеріне шабыт сыйлағанын айтып жатыр.
«Шаршап отыр едім, бәрін ойлап. Сіз шықтыңыз алдымнан. Сіздің сөзіңіз тыныштандырды, рақмет», «Маған сізбен шай ішу бұйырса екен. Өте тартымдысыз. Сізді көрсем, көңлім көтеріліп қалады. Эко жолында жүрген бақытты анамын. Соңғысы сәтсіз болып, көңіл күйім болмай жүр еді, мына сөздерді естіп күш жидым», «Дұрыс айттыңыз, керемет мотивация», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
