Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, сынға алды.
Танымал жайдарманшы лауазымды қызметке тағайындалды
430
оқылды

Жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жаңалықты актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа саласы бойынша) қызметіне тағайындалдым. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерімді саламын. Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!», — деп жазды ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.