Әнші Қайрат Нұртас шығармашылықтағы жаңалықтарын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі украиналық орындаушы Светлана Лободамен дуэт жазып, жарыққа шығарайын деп жатыр. Әншілер жаңа туындысының үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.
«Қазақстан, сәлем! Біз елестете де алмаған дуэт — жақын арада», - деп жазды Loboda Instagram парақшасында.
Көрермен үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Желі қолданушылары дуэтті асыға күтетінін жазып жатыр.
Белгілі болғандай, ән украиналық әншінің өтініші бойынша жазылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
