Іс аясында айыпталушы Эльмира Төлегенова соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, соттан процессуалдық келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Жанабыловтар ісі: айыпталушы кінәсін мойындап, келісімге келуді сұрады
253
оқылды

Астанада блогерлер Жанабыловтарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс аясында айыпталушы Эльмира Төлегенова соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, соттан процессуалдық келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Оның айтуынша, болған жағдай олар үшін үлкен сабақ болған.

 Біз өз жауапкершілігімізді толық мойындаймыз, бұл жағдайдан үлкен қорытынды шығардық. Заңды бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Құрметті соттан бізге және жұбайыма бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраймын. Сонымен қатар сот кеңесу бөлмесіне кетпей тұрып, процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдіремін. Оның барлық шарты бізге түсіндірілді,  деді Эльмира Төлегенова.

Осыдан кейін сот бір сағатқа үзіліс жариялады.

Еске сала кеткен жөн, 13 наурызда Астанада Жанабыловтарға қатысты жаңа қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау басталған. Бұған дейінгі сот процесі айып бабының қатаңдатылуына байланысты тоқтатылған еді.

Кейін прокурор көмекшісі блогерлерге қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін мәлімдеген. Ал Ерболат Жанабылов тергеу кезінде әріптесі Дархан Жолшыбековке ұқсас айып тағылып, бірақ ол әкімшілік жазаға тартылғанын айтқан.