Әнші ретінде қалыптасуына жолдасының қолдауы зор болғанын жеткізді.
«Күйеуімнің басына барып жылаймын...»: Роза Рымбаева жан сырын ақтарды (видео)
Фото: YouTube
720
оқылды

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева «Соңғы рет қашан жыладыңыз?» деген сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші күйеуін жиі еске алып, сағыныштан көз жасына ерік беретінін айтты. Сонымен қатар өзінің әнші ретінде қалыптасуына жолдасының қолдауы зор болғанын жеткізді. 

Өнер иесі күйеуінің орны әрқашан бөлек екенін айтып, жан сырын ақтарды.  

«Жиі жылаймын. Сахнада образға кіріп те жылаймын. Күйеуімнің басына барып та жылап аламын. Ұмытылмайтын өзімнің жан жарымды. Ол болмаса Роза Рымбаева болып тұрар ма едім, жұлдыз болып. Сағыныштан жиі жылаймын. Оның деңгейіндегі ер адамды кездестірмедім, іздемедім де. Күйеуімді ешкім алмастыра алмайды. Өмірім жалғасып жатыр. Ол кісі мәңгілік жүрегімде», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.