Өнер иесі қазір өзіне сезімін білдіретін ер адамдар көбейгенін айтып, әзілдеді.
"Тыныш жүріңдер, құрысын...": Мақпал Жүнісова әзілімен көрерменді күлкіге қарық қылды (видео)
388
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова концертте әзіл айтып, көпшілікті күлкіге қарық қылды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қазір өзіне сезімін білдіретін ер адамдар көбейгенін айтып, әзілдеді.

«60-қа дейін ешкім келмеп еді. 62-ден асқаннан кейін шалдар бірдеңе айтып, сөйлей бастады маған. Тыныш жүріңдер, құрысын. Беретін ештеңем жоқ, кәрімін. Бізде өлең айту ғана қалды. Немере бағып өлең айту, кейде осылай қалжыңдасу ғана біздікі», – деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің әзіліне түрлі пікір білдіріп жатыр.

"Сондай керемет, ақкөңіл жансыз, аман болыңыз", "Мейірімі жүзінен шашылып тұр. Ғұмырлы болыңыз", "Бәрі керемет, әзілің де жарасымды. Қарапайым қазақтың ерке қызы. Осылай шалдар көзін сүзіп, қолы жетпей армандап жүрсін", - деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.