Іс бойынша сот шешімі әлі жарияланған жоқ.
Астанада Жанабыловтар ісі бойынша прокурор 4 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
429
оқылды

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Прокурор соттан оларды «ақшаны заңдастыру (жылыстату)» және «заңсыз кәсіпкерлік» баптары бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы олардың мүлкін тәркілеуді талап етті.

Бұдан бөлек, прокурор Ерболат Жанабыловты сот залында қамауға алуды сұраса, ал оның жұбайына кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеуді 1 жылға кейінге қалдыруды ұсынды.

Іс бойынша сот шешімі әлі жарияланған жоқ.