Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында белгілі ақын, жазушы Мұхтар Шахановпен қоштасу үшін қаралы жиын өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері, жазушылар мен қоғам қайраткерлері көптеп жиналды. Олардың қатарында әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген де болып, ақынның отбасына және жақындарына көңіл айтты.
Жиында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйледі.
Еске сала кетейік, 19 сәуір күні қазақтың көрнекті ақыны, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Мұхтар Шаханов — қазақ әдебиетінің ғана емес, ұлттық рухтың символына айналған тұлға. Ол өз шығармаларында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, әсіресе Желтоқсан оқиғасы шындығын батыл жырлаған қаламгер ретінде тарихта қалды.
