Бұл туралы ҚМДБ хабарлады.
Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында қатаң шектеулер енгізіп, Меккеге кіру тәртібі өзгерді
114
оқылды

Сауд Арабиясында алдағы қажылық маусымына байланысты Мекке әл-Мукаррама өңірінде жаңа талаптар мен шектеулер енгізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ҚМДБ хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықтарды тыныш әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында қолға алынған.

Негізгі талаптар мыналар:

– 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында Nusuk платформасы арқылы умра жасауға рұқсат беру уақытша тоқтатылады;
– 18 сәуірден бастап Мекке қаласына кіруге және онда болуға тек қажылық визасы бар азаматтарға ғана рұқсат етіледі.

Сондай-ақ аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.

Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматтарды, соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырды, делінген ҚМДБ хабарламасында.