Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова 10 жыл бойы декретте отырғаны туралы ашық айтып, көпшіліктің назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.
«10 жыл үйде отырдым. Әркім бұл уақытты әрқалай қабылдайды. Бірақ мен қамақта болған жоқпын, 10 жыл декретте болдым. Сол кезде Қайрат енді танылып келе жатты. Балаларым бірінен кейін бірі дүниеге келді, алғашқы үшеуінің арасы небәрі 1 жас. Хан мен Нарұлдың арасы 3 жыл болғанымен, ол да аз уақыт.
Балаларым кішкентай болғандықтан, олардың жанында менің болғаным маңызды еді. Әр бала ананың махаббатына бөленіп өскенін қаладым. Үш баланың қалай өскенін өз көзіммен көрдім. Кейбіреулер “үйде отырып қалды” деп ойлайды, бірақ мен бұл уақытты саналы түрде таңдадым. Ел алдына да шықпадым, тойларға да бармадым. Бұл алдын ала жоспарланған шешім болды. Былайша айтқанда, мен де Гүлзира Үсенқызының бір жобасы болдым», – деді ол.
Айта кетейік, желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың көрегендігі мен даналығына да жоғары баға беріп жатыр.
